Кезекке баланы қалай қою қажет ?

Кезекке тұру үшін жоғарыда көрсетілген "қызметтер" мәзіріне кіріп "кезекке тұру" батырмасын таңдау керек, аудан деген өріске өзіңіздің ауданыңызды таңдап "кезекке тіркелу" батырмасын басу қажет.Ең бірінші бетте ата-ана туралы мәлімет жазылады! Ашылған бетке бала туралы мәлімет жазу керек,төменге керек документтерді "jpg, png, jpeg, pdf" форматында салу қажет.

Жолдаманы қалай алу қажет?

Жолдаманы алу үшін жоғарыда көрсетілген "қызметтер" деген мәзірге кіріп "кезекті тексеру,жолдама алу" батырмасын таңдау қажет, баланың ЖСН-ін теріп-іздеу батырмасын басу керек. Ашылған бетте бала туралы мәлімет шығады! "жолдама алу" деген батырманы басу керек. Ашылған бетте мекеменің және топтың атаулары шығады,өздеріңізге керек топтың атауын таңдап,кезекке қойылған кездегі номеріңізді жазып,"мен бала-бақшаға қабылдау қағидаларын оқыдым" батырмасын басу қажет.

Неліктен кей кезде 4 немесе 2 күн жолдама қолжетімсіз болады ?

Топқа өзгеріс енгізген кезде жолдама алынбай қалады.

Кезекке берілген нөмір жоқ,жолдама қалай аламыз?

Номерді өзгерту үшін өзіңіздің ауданыңыздың білім бөліміне хабарласып ауыстыру қажет.

Айлық төлемді өзгерту.

Айлық төлемді өзгерту үшін өзіңіздің ауданыңыздың білім бөліміне хабарласып өзгертіп алу қажет.

Топтан-топқа бала ауыстыру.

Баланың профиліне кіріп топты ауыстыру дегенді басу қажет.

Топқа орын қосу немесе азайту.

Топқа орын қосу үшін жеке кабинетке кіріп,төмендегі тізімнен керекті топты таңдап, "жасыл қаламды" басу қажет,ашылған бетте "бөлінген орындар" деген өрісте орындарды қосып/азайта аласыз.

Кезекті жою.

Кезекті жою үшін жоғарыда көрсетілген "қызметтер" деген жерге кіріп "кезекті тексеру,жолдама алу" батырмасын таңдау қажет,баланың ЖСН-ін теріп-іздеу батырмасын басу қажет,ашылған бетте бала туралы мәлімет шығады! Кезекті жою үшін "бас тарту" деген батырманы басу керек.Төменгі өріске кезек берілген кездегі нөмерді теру қажет.

Баланы бала-бақшадан шығару.

Баланы бала-бақшадан шығару үшін баланын профиліне кіріп, «шығару» батырмасын басыңыз. Ашылған бетте бұйрық номерімен күнін толтыру қажет.

Кезек "стоп лист"-ке түсіп кетті,қанша күнде шығады?

"Стоп лист"-ке түскен баланың кезегі 10 күн тұрады.10-күннен кейін "кезек" белсенді болады.

Жамбыл облысы бойынша балаларды электронды түрде балабақшаға қабылдау