Тәуелсіздік бәрінен қымбат!

Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында 1 - Наурыз Алғыс айту күніне орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мақсат тәрбиеленушілердің азаматтық, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру. Ұлттық мәдениетті сақтауын, қарым-қатынас машықтарын дамыту.

Мерекелік кеште балалар өз елінің тарихын театрлық көрініс арқылы сомдап, өнерлерін концерттік бағдарлама арқылы тарту етті.

Іс-шара соңында, орталықта тәрбиеленген тәуелсіздік құрдастары ел егемендігінің 30 жылдығына арнайы құттықтау тілектерін бейнебайланыс арқылы жеткізді.