Облыстық «Ата-аналар күні» өтті

Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2 наурыз күні онлайн режимде облыстық «Ата-аналар күні» өтті.

Жиында білім басқармасының бөлім басшысы Г.Дарибаева облыс мектептеріндегі ата-аналар комитеттерінің, аудандық, қалалық ата-аналар кеңесінің төрайымдары мен төрағалаларына, білім бөлімдерінің жауапты қызметкерлеріне бұл күннің маңыздылығын атап өтті.

Басқосу барысында облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Р.Нұрақбаев ата-аналар кеңестері мен комитеттерінің 2021 жылғы жұмыс жоспары туралы баяндап, атқарылатын жұмыстарға шолу жасады.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасып, «Аналар мектебінің» жұмысын саралады.